Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында елді шулатқан ІІМ академиясына жаңа басшы тағайындалды

Опубликовано:

Қарағанды облысының Бәрімбек Бейсенов атындағы академиясына жаңа басшы болып полиция полковнигі Дәрменов Ақынқали Даутбайұлы тағайындалды. Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Бисенқұлов Берік Байбұлұлы академия қызметкерлеріне жаңа басшыны таныстырды деп жазады NUR.KZ.

mvd.gov.kz
Фото:mvd.gov.kz: UGC

Дәрменов А.Д. 1978-ші жылы Қостанай облысында дүниеге келген.

Алматы қаласындағы ІІМ-нің заң институтын тәмәмдаған. ІІМ академиясы адъюнктурасын бітірген, заң ғылымдарының кандидаты.

2008 жылы Германияда Дж.К. Маршал атындағы қауіпсіздік мәселелері жөніндегі Еуропалық орталықта білім алған.

2012 жылы "Болашақ" бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Кембридж университетін тәмәмдаған.

Дәрменовтың ғылыми-оқыту саласында тәжірибесі мол, ол қатардағы тергеуші қызметінен бастап, ІІМ-нің кадрлық саясат департаментінің басшысы қызметіне жеткен.

Академия басшысы қызметін атқарған полиция генерал-майоры Кенжетаев ішкі істер органдарындағы қызметінен босатылды деп хабайлады ІІМ-нің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1771663-karagandy-oblysynda-eldi-sulatkan-iim-akademiasyna-zaa-bassy-tagajyndaldy/

pixel