Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ жұлдыздары "дауыл болады" деген ескертуге қарамастан Таиландта демалуда (фото)

Опубликовано:

Таиландта қатты дауыл болады деп ескерту жасалғанымен, кейбір қазақстандық танымал тұлғалар қысқы демалыстарын жалғастыруда. Олар сол елде орын алып жатқан жағдай туралы айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Танымал тұлғалардың парақшасы, коллаж: NUR.KZ
Фото: Танымал тұлғалардың парақшасы, коллаж: NUR.KZ: Instagram

Бір екі күн бұрын Таиландқа танымал әнші Ерке Есмахан аттанды.

Дауыл туралы дабыл қағылғаннан бері әншіге туыстары мен достары дамылсыз қоңырау шалып жатқан көрінеді.

Ерке Есмахан болса уайымдап жатқандардың бәрін сабырға шақырды. Ол өзінің Instagram парақшасында Таиландтан барша қазақстандықтарға жалынды сәлем жолдаған.

Танымал әнші бұл жерде жиі болатынын жеткізді. Ол үшін демалыста ұйқысын қандыру маңызды екен.

"Дауыл Таиландтың басқа аумақтарында болады. Біз тоқтаған жерде бәрі тыныш. Алла табиғат апатынан сақтасын", - деді Ерке Есмахан.

Қазақстандық тележүргізуші Айгүл Мүкей Пхукет демалыс аймағына орналасқан.

Журналист барша жанашыр жандарға "тыныш жүретініне" және "теңізге шықпайтынына" уәде берді.

"Теңіз өзіне тартып тұрады. Бірақ өзімізді ұстап, бассейнде шомылып жүрміз. Мен үшін алаңдаған оқырмандарыма алғысымды айтамын. Бізде бәрі тамаша", - деді ол.

Ал продюсер Санжар Мұстафин дауыл болады деп болжанған аумақта жүргенін хабарлады.

Оның сөзінше, ескерту жасалып жатқанымен, көбісі көңілді жүр екен.

"Қазақтың пофигизмі 100% қосылды. Теңіз жаққа жиі-жиі қарап қоямыз", - деді әлеуметтік желіде.

Тағы қазақстандық продюсер Ернар Құрмашев жақсы демалып жүргенін, әзірге ешқандай жел болмағанын айта кетті.

Еске сала кетсек, кеше еліміздің Сыртқы істер министрлігі Таиландта қатты дауыл болады деп ескертті.

Бүгін дабылды ескертуден соң демалушылардың жаппай қайтып жатқанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1771665-kazak-zldyzdary-dauyl-bolady-degen-eskertuge-karamastan-tailandta-demaluda-foto/

pixel