Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астаналық жігіт қыруар қаржыға салынған аялдаманы сындырып кетті (видео)

Опубликовано:

Астанада белгісіз жігіт жаңа аялдаманының есігін сындырды. Бұзақының ерсі әрекеті бейне бақылау камерасына түсіп қалған деп хабарлайды NUR.KZ.

фото: REZONANS.KZ, astana_brothers
фото: REZONANS.KZ, astana_brothers: Facebook

Видео Instagram желісіндегі Astana_brothers парақшасында жарияланды.

Автордың сөзінше, оқиға 2 қаңтар күні Байтұрсынов көшесінде орын алған. Жазба иесі бұзақыға хабарласуды сұраған. Олай болмаған жағдайда әкімшілік жауапқа тартылатындығын ескерткен.

Tengrinews сайтының хабарлауынша, Астана әкімдігі мәліметті Алматы аудандық полиция департаментіне жіберген және осы видеоға сәйкес әкімшілік іс жүргізетіндерін айтқан.

"Бұл Байтұрсынов көшесіндегі аялдама. Видеодан бұзақылык актісін байқап отырмыз", - деді жол қозғалыс қауіпсіздігі және көлік инфрақұрылымы бөлімінің басшысы Руслан Абдуалиев.

Еске сала кетсек, 2018 жылы 55 жылы аялдама орнатылды. Әкімшілік өкілдері қала тұрғындары мен қонақтарынан инфрақұрылымды күтіммен қарауға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1771678-astanalyk-zigit-kyruar-karzyga-salyngan-aaldamany-syndyryp-ketti-video/

pixel