RU
"Бұл сәйкестік": Денис Тенді кафеге шақырған сыныптасы сотта жауап берді

"Бұл сәйкестік": Денис Тенді кафеге шақырған сыныптасы сотта жауап берді

Рассказать Вконтакте

Руслан Хайруллаев Денис Теннің өліміне қатысты мәлімдеме жасады. Оксана Тен ұлының өлімін ұйымдастырушы деп күдіктеніп отырған азамат өзінің кінәлі еместігін айтып ақталды деп жазады NUR.KZ.

Фото: azathabar.com

Фото: azathabar.com

Руслан Хайруллаев қайғылы жағдайға қатысты пікір білдірді. Ол спортшы өліміне ешқандай қатысы жоқтығын айтты.

"Мен жай ғана оны түскі асқа шақырдым. 18-і күні мен Панфилов көшесінен өтіп бара жатқанмын, сол кезде Денисті көріп қалдым. Оның жұмысына арнайы бармадым. Әңгімелесіп қалдық, ол да тамақтану саласында бағын сынамақ болды.
Ет туралы нақтырақ айтып беру үшін, мен алдағы күндері кездесейік дедім. 1-9ы деп ешкім нақты айтқан жоқ. Ертесіне менде бос уақыт болған соң оған жаздым. Ол маған 15 минутта келе алатынын айтты. Жақсы отырыс болды.
Денис кеткен соң, тазалаушы әйел келіп біреуді пышақтап тастағанын айтты. Мен басында аспаздар төбелесіп қалды деп ойлап қалдым. Далаға шыққанымда өз көзіме өзім сенбедім",- деді Руслан Хайруллаев.

Айта кетейік, бүгін Алматыда қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта Денис Теннің өліміне қатысты кезекті сот отырысы өтті.

Осы орайда, Денистің анасы ұлы тамақтанған кафенің директорына қатысты мәлімдеме жасады.

Сонымен қатар, Оксана Тен Денистің өлімі тапсырыспен болғанына сенімді екенін айтты.

Одан бөлек, күдікті Арман Құдайбергеновтің қылмысынан соң танысынан бес мың доллар сұрағаны белгілі болды. Ал Денис Теннің анасы ұлының ауруханаға қандай хәлде жеткізілгенін айтты.

Күдіктілер марқұмның анасынан бір рет те кешірім сұрамаған екен.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
5
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel