RU
Оксана Тен күдіктенген жігіт Дениспен ара-қатынасы туралы ашып айтты
Жаңалықтар Қоғам

Оксана Тен күдіктенген жігіт Дениспен ара-қатынасы туралы ашып айтты

Рассказать Вконтакте

Бүгін Алматыдағы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотына келген Руслан Хайруллаев Денис Тенмен қарым-қатынасы туралы бар шындықты айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Оксана Тен күдіктенген жігіт Дениспен ара-қатынасы туралы ашып айтты

Денис Тен. Фото: www.kp.ru

"Дениспен үшінші сыныпқа дейін бірге оқыдық. Жақын қарым-қатынаста болмадық. Анда санда xат жазысып тұрдық. Содан кейін кездескеніміз сол болған.

Денистің кафеге шақырылғанын сол кезде қасымызда болған Мадина есімді қыз білді.

Мен ас әзірлейтіндерге "маңызды қонақ келеді" деп, жақсылап тамақ жасауын сұрадым. Бірақ кім нақты келетінін айтпадым.

Біздің кездесуіміз 20 минуттың ішінде шешілген дүние. Оны ешкім білмеді.

Күндіз қаланың ортасында мұндай жағдай болатынын ойламадым. Шығарып салмадым, оным дұрыс болмады. Шығарып салмағаныма қатты өкініп қалдым", - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Алматыда Денис Теннің өліміне қатысты кезекті сот отырысы өтті.

Осы орайда, Денистің анасы ұлы тамақтанған кафенің директорына қатысты мәлімдеме жасады.

Сонымен қатар, Оксана Тен Денистің өлімі тапсырыспен болғанына сенімді екенін айтты.

Одан бөлек, күдікті Арман Құдайбергеновтің қылмысынан соң танысынан бес мың доллар сұрағаны белгілі болды.

Ал Денис Теннің анасы ұлының ауруханаға қандай хәлде жеткізілгенінайтты.

Күдіктілер марқұмның анасынан бір рет те кешірім сұрамаған екен.

Сіздің реакцияңыз
0
0
2
4
2
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel