RU
Денис Теннің өлімі: Сыныптасы оны өз кафесіне не үшін шақырған?
Жаңалықтар Қоғам

Денис Теннің өлімі: Сыныптасы оны өз кафесіне не үшін шақырған?

Рассказать Вконтакте

Алматыда қарақшылар қолынан қаза тапқан Денис Теннің сыныптасы Руслан Хайруллаев спортшыны өз мейрамxанасына қандай мақсатпен шақырғанын ашық айтты. Ол ескі досына өз қонақжайлығын көрсетпек болғанын түсіндірді деп жазады NUR.KZ.

Фото: twitter.com/mk_kazakhstan

Фото: twitter.com/mk_kazakhstan

"Ешқандай мақсат болмады. Ол мені бірнеше мәрте қонақ етіп күтіп жіберген. Сол себепті мен де оған өз сыйластығымды көрсетпек болып, мейрамxанама арнайы шақырдым" , - деді Хайруллаев.

Бұған қатысты Оксана Тен кафе директорына өз болжамын айтты. Ол Руслан Хайруллаев Денисті түскі асқа біреудің тапсырмасымен шақырған болар деген пікір білдірді.

"Жоқ ондай нәрсе мүлде болған жоқ. Ешкімнің қатысы жоқ. Мен өзім оны қонаққа шақырдым. Ал шығарып салмағаныма мен өзімді мың мәрте кінәладым. Кешірім сұраймын тағы да, шынымен достық кездесудің мұндай қайғылы оқиғамен аяқталарын білмедім",-деп жауап берді Хайруллаев Оксана Тенге.

Ал Денистің анасы болса өз кезегінде Руслан Хайруллаев ұлына осы уақытқа дейін сыйластық танытпағанын айтты.

Спортшының анасы бәрібір де бұл түскі астың бекер болмағанына сенімді екенін жеткізді.

"Ұлымды түскі асқа шақыра тұра, өзің тағамнан бір ауыз дәм татпапсың. Оған қоса, Денисті не қарсы алып, не дұрыс шығарып салмадың. Бейнежазбадан Денистің қимылынан оның кафеден ызалы болып шыққанын көруге болады. Ол өзінің онсыз да тығыз уақытын өзіне сыйластық танытпаған түскі асқа бөлгеніне өкінгендей болды. Бұл түскі астың өзі бір түрлі, не керегі бар еді",- деді Оксана Тен.

Айта кетейік, бүгін Алматыдағы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта Денис Теннің өліміне қатысты кезекті сот отырысы өтті.

Осы орайда, Денистің анасы ұлы тамақтанған кафенің директорына қатысты мәлімдеме жасады.

Сонымен қатар, Оксана Тен Денистің өлімі тапсырыспен болғанына сенімді екенін айтты.

Одан бөлек, күдікті Арман Құдайбергеновтің қылмысынан соң танысынан бес мың доллар сұрағаны белгілі болды. Ал Денис Теннің анасы ұлының ауруханаға қандай хәлде жеткізілгенін айтты.

Күдіктілер марқұмның анасынан бір рет те кешірім сұрамаған екен.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
12
0
2
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel