RU
Күдіктінің қорғаушысы Денисті тапсырыспен өлтірді дегенді жоққа шығарды
Жаңалықтар Қоғам

Күдіктінің қорғаушысы Денисті тапсырыспен өлтірді дегенді жоққа шығарды

Рассказать Вконтакте

Алматыда Денис Теннің өліміне қатысты сот мәжілісінен шыққан соң сотталушы Жанар Толыбаеваның қорғаушысы Амангелді Сариев журналистерге түсініктеме берді. Ол қылмыс тапсырыспен жасалды деген пікір қисынға келмейтінін айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Фото: Коллаж NUR.KZ

Фото: Коллаж NUR.KZ

"Бұл қылмысқа ешкімнің, үшінші, төртінші адамдардың қатысы барына дәлел жоқ. Мұнда адамды өлтіру құрамы жоқ. Көрдіңіздер ғой, телефондары, ақшасы, айфоны, көліктің айнасы бәрі қалған. Қарақшылық жасағысы келсе, сөмкені босатып алып кетпей ме?", - деді Жанар Толыбаеваның қорғаушысы Амангелді Сариев.

Оның сөзінше, Жанар Толыбаева Денистің өлгенін Қапшағайда қыдырып жүргенде естіген.

Айта кетейік, бүгін Алматыдағы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта Денис Теннің өліміне қатысты кезекті сот отырысы өтті.

Осы орайда, Денистің анасы ұлы тамақтанған кафенің директорына қатысты мәлімдеме жасады.

Сонымен қатар, Оксана Тен Денистің өлімі тапсырыспен болғанына сенімді екенін айтты.

Одан бөлек, күдікті Арман Құдайбергеновтің қылмысынан соң танысынан бес мың доллар сұрағаны белгілі болды. Ал Денис Теннің анасы ұлының ауруханаға қандай хәлде жеткізілгенін айтты.

Күдіктілер марқұмның анасынан бір рет те кешірім сұрамаған екен.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel