Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада сахналық қойылымдағы "құбыжық" кейіпкерлер жұртты шошытты

Опубликовано:

Астанадағы жаңа жылдық қойылымдардың бірінде бой көрсеткен ертегі кейіпкерлері жұртты шошытты. "Құбыжыққа" ұқсаған сахналық қойылым кейіпкерлері тіпті мерекелік ертеңгілікте де өнер көрсеткен деп хабарлайды NUR.KZ.

Коллаж: NUR.KZ
Коллаж: NUR.KZ: Facebook

Орталық концерт залында сахналанған қойылым кейіпкерлерінің үрей ұшыратын бейнесіне әсіресе ата-аналар наразы болған. Айтуларынша, "құбыжық" кейпіндегі кейіпкерлер бала түгіл, ересектердің зәресін ұшырады екен.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Facebook

"Сахналық қойылым орталық концерт залында өтті. Онда адам түсінбейтін кейіпкерлердің болғаны да рас. Өкініштісі, әлгіндей кейіпкерлер көрермендерге айрықша көңіл-күй сыйлаудың орнына, баршамызды шошытты. Құбыжыққа ұқсаған кейіпкерлердің түрінен бала түгіл, үлкен қорқады", - дейді ата-аналардың бірі.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Facebook

Сахна төрінде қара түсті "тышқан" кейіпкерлерден бастап, ұзын бойлы сайқымазақтарға дейін жүрген.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Facebook

Сондай-ақ, жаңа жылдың символы – доңыз да шетелдік "Пеппе" шошқасы кейпінде болған.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Facebook
"Әрине қазіргі балалалар бәлкім осындай кейіпкерлерді ұнататын шығар. Бірақ, мынадай түрі түсініксіз шошқадан басқа кейіпкер табылмады ма?

Өкініштісі олардың бәрі ертеңгілікте ғана болмай, кейін қойылым біткен соң да, балалардың арасында жүрді. Балаларға арналған сахналық қойылым болған соң, жылы жүзді кейіпкерлерді көреміз деп үміттеніп келіп едік, өте өкінішті. Кейбір кейіпкерлер тіпті шайтаннан аумайды", - дейді ата-аналардың бірі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1771742-astanada-sahnalyk-kojylymdagy-kbyzyk-kejipkerler-zrtty-sosytty/

pixel