RU

Ауа райы: Елімізде алдағы демалыста күн жылынып, қар жауады

Қазақстандық синоптиктер 5-8 қаңтар аралығында ауа райы қандай болатынын айтты деп хабарлайды "Қазгидрометке" сілтеме жасаған NUR.KZ.

Мамандардың болжамынша, аязды ауа райы жылынып, қар жауады деп күтіледі.

Осы кезеңде Қазақстанға Ресейден жылы және ылғалды ауа түсетін болады. Осыған байланысты бірқатар өңірлерде температура көтеріледі.

Алайда батыстан шығысқа қарай ауысатын атмосфералық фронттар қар жаууына, боран мен күшті жел соғуына әкеледі.

Сондай-ақ, Батыста және оңтүстікте тұман мен көктайғақ болуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1771754-aua-rajy-elimizde-aldagy-demalysta-kn-zylynyp-kar-zauady.html