Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сау бол пати": Астаналық бойжеткендер ел естімеген кештерді өткізуді сәнге айналдырған

Опубликовано:

Астаналық бойжеткендер бұрын-соңды болмаған кештерді өткізіп, көңіл көтеретін болған. Олардың бірі бұрынғы жігітімен ажырасу кешін ұйымдастырса, енді бірі сәбиінің жынысын ел алдында хабарлауды сәнге айналдырған деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: yandex.com
Көрнекі фото: yandex.com: Facebook

Елордалық бойжеткендер ел естімеген түрлі кештер ұйымдастыру жағынан жұртты шаң қаптырайын деп тұр. Бұрындары тұрмыс құрмастан бұрын қызойнақ - "Hen Party" ұйымдастыратын арулар, енді бұрынғы жігітімен қоштасу кешін де жасайтын болған.

"Өмір болған соң түрлі жағдайлар орын алып жатады. Мәселен, бір жігітті құлай сүйіп, алайда онымен тағдырыңыз айырылысуы мүмкін. Сондайда қыздар "By By party" ұйымдастырады. Яғни, қазақша аударғанда "сау бол пати" өткізеді.

Бұл күні жігітімен айырылысқан қыз бен оның құрбылары жиналып, көңіл көтереді. Мәселен, ішімдікке тапсырыс беруі мүмкін. Әрине мұндай жағдайлар жиі кездесе бермейді, бірақ біздің тәжірибеде екі-үш мәрте болды",-дейді елордадағы кеш ұйымдастыру агенттіктердің бірінің өкілі.

Сонымен бірге ол жүкті бойжеткендердің сәбидің жынысын көпшілікке жариялау кешінің де ұйымдастырылатынын айтты.

"Мұндай кешті "Gender Party" деп атайды. Аяғы ауыр келіншек жолдасы мен оның ата-анасына, туыстарына, өзінің әке-шешесіне баласының жынысын айтады. Мәселен, сырты ақ немесе басқа түсті торт әзірлейді. Ал торттың ішіндегі кремін көк немесе күлгін түсті етіп дайындайды. Сөйтіп тортты жолдасына ұсынады.

Ол арнайы пышақпен кесіп, ішіндегі кремінің күлгін түсті екенін көрсе, демек сәбиі қыз болады деген сөз, ал көк түсті шықса, онда керісінше ұлды болады дегенді білдереді. Бұрындары бізде ондай дәстүр бола бермейтін, қазір күн санап мұндай дәстүр көбеюде. Оның түк ұяты жоқ, бәрі болашақ ата-ананың қалауымен ұйымдастырылады", - деді агенттік өкілі.

Маманның айтуынша, бойжеткендер әсіресе тұрмыс құрмастан бұрын – қыз ойнақ өткізуге құмар екен.

"Қазақшалап айтқанда қыз ойнақ деп жатады. Бұл қыздың тұрмысқа шықпастан бұрын өткізетін кеші. Онда қалыңдық мен оның құрбылары жиналып, көңіл көтереді, бірдей киініп келеді. Біздің агенттікте көп жағдайда кештің осындай түріне тапсырыс көп түсіп жатады", - деді агенттік өкілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1771755-sau-bol-pati-astanalyk-bojzetkender-el-estimegen-kesterdi-tkizudi-snge-ajnaldyrgan/

pixel