RU

Головкин мен Альварестің үшінші кездесуі 2019 жылы болуы мүмкін жекпе-жектің бірі

Шетелдік БАҚ отандасымыз Генадий Головкин мен мексикалық Саул Альварес арасындағы кездесу үстіміздегі жылдың ең күткен жекпе-жегі болмақ деп хабарлайды Sports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

фото: sports.kz
фото: sports.kz: Facebook

ESPN порталы көрермен бұл кездесулерден шаршағанымен, 2018 жылы қос мықтының арасындағы өткен рематчтан қызық кездесу болмағанын жазады.

Басылымның жазуынша қос боксшының арасындағы үшінші жекпе-жек алдыңғы кездесулерге қарағанда көп көрермен жинайды.

Еске сала кетсек, GGG мен Канело арасындағы алғашқы кездесу 2017 жылы қыркүйек айында болған. Сол кезде төрешілер жекпе-жектің тең нәтижемен аяқталғанын айтқан.

Бір жылдан соң боксшылар шаршы алаңда қайта кездесіп, ол белдесуде мексикалық ұпай санымен жеңіске жеткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1771758-golovkin-men-alvaresti-sinsi-kezdesui-2019-zyly-boluy-mmkin-zekpe-zekti-biri.html