Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жәрдемақысына 228 теңге қосылған көп балалы ана ренішін білдірді

Опубликовано:

Қарағанды қаласының тұрғыны Әлия Садырбаева көп балалы ана үшін қосылған жәрдемақыға ренішін білдірді. Ол туралы өзінің Facebook парақшасында жазды деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: Otyrar.kz
Көрнекі фото: Otyrar.kz: Facebook

Қарағандылық көп балалы ананың айтуынша, осыған дейінгі жәрдемақы сомасы - 15 932 теңгені құраған, ал жәрдемақы көтерілгеннен кейін 16 160 теңге болған. Әйел жәрдемақының 228 теңгеге көтерілгеніне қайран қалған.

"Бүгін көп балалы ана болғаным үшін бірінші рет көтерілген жәрдемақы алдым. Осыған дейін жәрдемақы 15 932 теңгені құраса, қазір 16 160 теңге. Мен бақандай 228 теңгеге байып қалдым", - деп жазды көп балалы ана.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1771759-zrdemakysyna-228-tege-kosylgan-kp-balaly-ana-renisin-bildirdi/

pixel