Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытайдың халық саны 70 жылда бірінші рет қысқарды

Опубликовано:

Өткен жылы қытай халқының саны 1,27 миллионға қысқарды. 2017 жылмен салыстырғанда көршілес елдің туу көрсеткіші қатты төмендеген деп жазады Lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: Вести Экономика
Көрнекі фото: Вести Экономика: Facebook

Қытай және америка университетінің ғалымдарының айтуынша, 2018 жылғы туу көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда екі жарым миллионға төмендеген.

Басылымның жазуынша, мұндай қысқару соңғы жетпіс жылда бірінші рет болып отыр.

Ғалымдар оны босанатын әйелдердің саны азайғандығымен түсіндіреді. Сонымен қатар, қытайлық сарапшылардың айтуынша, медициналық көмек пен білім беру бағасының үнемі өсуіне байланысты әйелдер жүкті болуға асықпайды.

Бұл туралы Қытай билігі ресми мәлілдеме жасаған жоқ.

Қытайдың ұлттық бюросының ақпаратына сәйкес өткен жылы халық саны 1.39 миллиард адамды құрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1771767-kytajdy-halyk-sany-70-zylda-birinsi-ret-kyskardy/

pixel