Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Анкарада қазақстандық әйел қайтыс болды

Опубликовано:

Анкарада 36 жастағы қазақстандық Айгүл И. есімді әйел қайтыс болды. Түркиялық haber7.com сайтының мәліметінше, ол төртінші қабаттың балконынан құлап кеткен деп жазады NUR.KZ.

Фото оқиға орнынан: haber7.com
Фото оқиға орнынан: haber7.com: UGC

Басылым мәліметінше, оқыс оқиға Чанкая ауданында орын алған

Жергілікті тұрғындар айқайды естіп, полиция шақырған. Тәртіп сақшылары пәтерге кіре алмағандықтан, есікті бұзған. Осы уақытта әйел балконнан құлап кеткен.

Оқиға орнына жедел жәрдем келгенімен, әйелге көмек көрсете алмаған.

Қазіргі уақытта әйелдің денесін Анкарадағы сот-медициналық институтына алып кеткен.

Полиция болған оқиғаның мән-жайын анықтауда.

Ал пәтерде қазақстандық әйелден өзге біреудің болған-болмағаны әзірге айтылмаған.

Істің анық-қанығын білу мақсатында NUR.KZ редакциясы ҚР СІМ-ге хат жолдады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1771774-bak-ankarada-kazakstandyk-jel-kajtys-boldy/

pixel