RU
Мал сойғанын хабарламағандарға да айыппұл салынуы мүмкін
Жаңалықтар Қоғам

Мал сойғанын хабарламағандарға да айыппұл салынуы мүмкін

Рассказать Вконтакте

Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 25-бабына сәйкес жеке және заңды тұлғалар жеке қожалығындағы ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруге, жаңадан сатып алынған жануарларды, алынған төлдерді ветеринариялық мамандарға хабарлауға міндетті. Бұл туралы Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасына сілтеме жасаған Otyrar.kz хабарлады.

Фото:anatili.kazgazeta.kz

Фото:anatili.kazgazeta.kz

Ал бірдейлендіру үшін сол аумақта орналасқан ветеринариялық бекеттердегі мамандарға өтініш беру қажет.

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ветеринариялық паспорт беру ветеринариялық дәрігерлері тарапынан тегін жүргізіледі.

"Қораңыздағы төрт түлік малдарыңызды бірдейлендірмеген жағдайда және жаңадан сатып алынған жануарлар, алынған төл, олардың сойылғаны туралы хабарламағаны үшін мал иесін Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Заңының 406-бабына сәйкес жауапкершілікке тарту көзделгенін назарларыңызға жеткіземіз", - деп хабарлады мамандар.
Сіздің реакцияңыз
78
14
11
1
5
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel