RU
Санын жалаңаштаған Ерке Есмахан жұрттың сынына ұшырады (видео)

Санын жалаңаштаған Ерке Есмахан жұрттың сынына ұшырады (видео)

Рассказать Вконтакте

Ерке Есмахан Instagram парақшасында жаттығу жасаған суретін салған. Алайда әншінің растяжкасы жасанды аяқтың көмегімен істелінген. Бір аяғын жалаңаштаған әншінің әрекетін желі қолданушылары қызу талқыға салды деп жазады NUR.KZ.

Әншінің бұл әрекетін ерсі санағандар Еркенің бір баласы бар әйел екенін алға тартты.

"Шырынды киіндіре алмай әуреге түскенде, сенің мұның не?", "Бір баласы бар әйелсің", "Жас қыз емессің. Балаң мектепке барады. Ұлым намыстанады деп ойламайсың ба?", "Осы шешінбесең де, әніңді тыңдаймыз ғой", "Өзіңе көңіл аудартатын басқа амал таппадың ба?", "Мынауың ұят екен. Біреудің келінісің, біреудің анасысың", "Жас болсаң ақымақтықпен істепті дер едік. Сенің мұның не?".

"Сынаса ренжисіңдер. Істеп жүрген тірлігіңнің түрі мынау", "Әуретін көрсетпеген сен қалып едің", "Ерке деген сайын есің кетті ғой", "Ел алдында жүрген сендер осылай істесеңдер, айтарға сөзім жоқ", "Саныңды бекер көрсеттің" деп жазды сынға алушылар.

Ал әншіні жақтаушылар тобы "Расынде өзі осылай растяжка жасайды деп ойладым", "Күлкіге қарық болдым ғой" деп пікір білдірген.

Сіздің реакцияңыз
38
2
3
0
2
12
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel