RU
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, тұман түседі
Жаңалықтар Қоғам

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, тұман түседі

Рассказать Вконтакте

Қаңтардың 5-і күні еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Кей өңірлерде қар жауып, жел күшейеді деп хабарлайды "Қазгидромет" орталығына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото:qapper.ru

Фото:qapper.ru

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20, екпіні 25 м/с жетеді. Аймақта түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсуі ықтимал.

Түркістан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейеді.  

Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіледі.

Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.

Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі  мүмкін. 

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel