RU
Семейде бір күнде 150 тонна қоқыс шығарылған (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Семейде бір күнде 150 тонна қоқыс шығарылған (фото)

Рассказать Вконтакте

Семейден бір күнде 150 тонна қоқыс шығарылған. Семей қаласында Жаңа жыл мерекесі кезінде жиналып қалған қоқысты шығаруға қалалық әкімдік ұйтқы болды деп жазады NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

"4 қаңтар күні ғана полигонға 151,71 тонна түрлі қалдықтар шығарылды. Оған 12 қоқыс тасығыш техника, 8 Камаз, 4 жүк салатын көлік жұмылдырылды. "Семей" МҚК-нан қоқыс шығаруға 30-дан астам адам қатысты. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғаса береді, - деді әкімдік өкілдері.

Айта кететін мәселе, 2019 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап, полигонда алдымен өңделмеген қалдықтарды тастауға тыйым салатын Экологиялық кодекс нормалары күшіне енеді. Яғни қызмет көрсетуші қоқысты сұрыптап, болмаса оны сұрыптау жөнінде фирмамен келісімшарт жасап, GPS арқылы көліктің қозғалысын бақылап отыруы қажет дегенді білдіреді.

Алайда билік тарапынан бірнеше мәрте ескертіліп, талқылаулар өткендігіне қарамастан қатты тұрмыстық қалдықтарды тасымалдаушы кәсіпорындар дайындық жұмыстарын жүргізбеген.

Ал полигон басшылығының сұрыпталмаған қоқысты қабылдауға құқы жоқ.

Осылайша, өз жұмыстарын талапқа сай атқара алмайтын ұйымдардың кесірінен қоқыстарды шығару жұмыстары тоқтатылды.

Қала әкімі Ермак Салимов талапқа сай қызмет көрсете алмайтын ұйымдардың қоқыстарын шығарып тастап, жағдайды бақылауда ұстауды міндеттеді.

"Тиісті заңнама талаптарын сақтай алмайтын фирмалар бұл жұмыспен айналыспайды", - деді қала басшысы.
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel