Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетаудағы колледжге "мина қойылғанын" айтқан адам ұсталды

Опубликовано:

Ақмола облысының полицейлері Көкшетау қаласындағы "Арна" колледжіне жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған хабар берген адамды бір сағаттың ішінде анықтады деп хабарлайды Қазақпарат.

Фото:cherlock.ru
Фото:cherlock.ru: Instagram

Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қоңырау 4 қаңтар күні сағат 19:40-та келіп түскен.

"Оқиға орнына жедел түрде барлық күш құрылымдары, шұғыл және арнайы қызмет өкілдері жіберілді. Іздеу шаралары нәтиже бермеген. Жарылғыш зат анықталған жоқ", - деп баяндады ведомстводан.

Полиция қоңырау шалған адамның есімін бір сағатта анықтады. Ол Көкшетау қаласының бұрын сотталмаған тұрғыны болып шыққан. Қоңырау шалғанда ол мас болған.

"Қазіргі кезде аталған факті бойынша ҚР ҚК 273-бабы негізінде сот алдындағы тергеу амалдары жүргізілуде, күдікті азамат ұсталып, уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды", - деп қосты баспасөз қызметі.

Бұл Көкшетау қаласында бес күн ішінде жарылғыш зат туралы жасалған екінші хабарлама.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1771802-kksetaudagy-kolledzge-mina-kojylganyn-ajtkan-adam-staldy/

pixel