RU

Жалғызбасты әйел қызын зорлаған үш еркекті пышақтап тастады

Оңтүстік Африкада 56 жастағы әйел қызын зорламақ болған үш еркекті жайратып салған. 27 жастағы қызын үш еркектің зорлағалы жатқанын көршісінен естіген әйел, оқиға орнына пышақпен барған. Ол зорлықшының біреуін пышақтап өлтіріп, екеуін ауыр жаралаған деп хабарлайды ru.newsner.com сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото:slavdelo.dn.ua
Фото:slavdelo.dn.ua: Instagram

Осыдан кейін 56 жастағы әйелді адам өлтіргені және бірнеше адамды ауыр жаралағаны үшін темір торға қамайды.

Алайда ауыл тұрғындары бұл пікірмен келіспей, көтеріліске шығады.

Зорлықшыларды өздігінше жазалаған әйелге көршілері 12 мың доллар ақша жинап береді. Ал сот өз шешімін өзгертіп, әйелді бостандыққа жіберген.

Керісінше, тірі қалған екі зорлықшыны 30 жыл түрмеде отыруға шешім шығарады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1771808-zalgyzbasty-jel-kyzyn-zorlagan-s-erkekti-pysaktap-tastady.html