Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Киносыншылар 2018 жылдың үздік фильмін атады

Опубликовано:

АҚШ Ұлттық киносыншылар қоғамы 2018 жылдың үздік фильмдерін анықтады. Бұл туралы Риа Новости-ге сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: atr.ua
Көрнекі фото: atr.ua: Facebook

Ұйым шешімі бойынша ең үздік фильм қытайлық режиссер Хлоя Чжаоның "Атбегі" картинасы болған. Бұл фильмде өзінің жарақатына байланысты мансабын тоқтатуға мәжбүр болған жылқы баптаушы туралы айтылады.

Киносыншылар тізімінің екінші орнына мексикалық режиссер Альфонсо Куаронның "Рома" фильмі жайғасса, үшінші орын оңтүстіккореялық режиссер Ли Чхан-донның "Жалындаған" фильміне бұйырған.

Мамандардың пікірінше, үздік режиссер Альфонсо Куарон.

Ал ұйымның шешімі бойынша, үздік актер мен актриса болып "Бақташы күнделігі" фильміндегі Пол Шредер мен "Фаворит қыз" картинасындағы Оливия Колман танылды.

Киносыншылардың ұлттық ұйымы үздік сценарий жазған Армандо Ианнауччи, Дэвид Шнайдер мен Йен Мартин екенін айтты. Олар "Сталиннің өлімі" картинасын дайындаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1771831-kinosynsylar-2018-zyldy-zdik-filmin-atady/

pixel