RU

Таиландтағы дауыл: СІМ апат орнында болған қазақстандықтар туралы айтты

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде дауыл кезінде Таиландтағы отандастарымыз туралы айтылды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фотo: Novosti.az
Фотo: Novosti.az: Depositphotos

СІМ ақпараты бойынша, қазіргі уақытта дауыл басылған. Қазақстан Республикасының азаматтары Таиланд курорттарында орын алған апаттан зардап шеккен жоқ.

"Отандастардан шағым түскен жоқ. Біздің дипломаттар жағдайды қадағалап, мәселені ерекше бақылауда ұстайды", - делінген хабарламада.

Таиланд билігі хабарлағандай, ауа райының қолайсыздығы бірнеше күнге созылып, кейбір аудандар әлі де су астында қалып отыр.

Билік өкілдері қауіпті аудандарда қалған азаматтарды курорттық аймақтардан тыс жерлерге қажетсіз шықпауды және қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1771856-tailandtagy-dauyl-sim-apat-ornynda-bolgan-kazakstandyktar-turaly-ajtty.html