RU
Тіл курсын оқымақ болған семейлік студенттер Оңтүстік Кореяға кете алмай қалды

Тіл курсын оқымақ болған семейлік студенттер Оңтүстік Кореяға кете алмай қалды

Рассказать Вконтакте

Оңтүстік Кореяға тіл курстарын оқуға аттанбақ болған семейлік студенттер ұшақ бортына жіберілмеген. Бұл туралы Насима Қорғанбекова өз Facebook парақшасында жариялаған деп жазады NUR.KZ.

Көрнекі фото: sunny7.ua

Көрнекі фото: sunny7.ua

Оның айтуынша, қазіргі таңда Оңтүстік Кореяға өте алмаған барлық студенттер Алматы қаласында.

"Семейлік 18 студентті Кореяға тіл курстарын оқытуға апаратын ұшақ бортында кіргізбеді. Біздің еліміз бен Корея арасында 30 күн визасыз жүру мүмкін болғандықтан оларда виза болмаған. Бірақ, шақырту болды. Тек алты студентті жіберген, олар ұшып кетіпті. Бірақ, олар да елге (ред- Оңтүстік Корея) кірмеген, қазір босқындарға арналған камераларда отыр", -деп жазған ол.

Бойжеткеннің сөзінше, студенттер бұл жағдайды өз ата-аналарына қалай айтуды білмей отыр.

Насима Оңтүстік Кореяға өте алмаудың басты себебі көптеген студенттердің курстан соң сол елде заңсыз қалып қалуында болуы мүмкін екенін айтты.

Қорғанбекова билеттердің қайтарылмайтынын, көптеген студенттердің Кореяға бару үшін біраз уақыт ақша жинағанын, алайда оларды үйге қайтарып жібергенін айтып, қынжылды.

Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасаған Tengrinews агенттігінің хабарлауынша, Оңтүстік Кореяға өте алмаған Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттің студенттері. Мекемеде Оңтүстік Кореяда 30 күн визасыз жүру тәртібі білім алуға, тіл курстарын оқуға баратын тұлғаларға арналмағанын хабарлаған.

СІМ ол мемлекетке бармас бұрын виза мен өзге құжаттарды реттеп алу қажеттігін ескертті.

Сіздің реакцияңыз
0
0
2
0
1
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel