RU

Қарағандыда жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады (фото)

Қарағандыда науқасты ауруханаға апара жатқан жедел жәрдем көлігі мен жеңіл автокөлік соқтығысқан деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Куәгерден
Фото: Куәгерден: UGC
"Жедел жәрдем көлігі науқасты алып келе жатқан. Абырой болғанда, дәрігерлер тобы да, науқас та зардап шеккен жоқ", -деді Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.

Оқиға орнына дереу екінші жедел жәрдем бригадасы келіп жеткен.

"Науқас екінші жеткен көлікке ауыстырылып, медициналық мекемеге жеткізілді", -деді Айжан Иса.

Жол-көлік оқиғасына жеңіл көлік жүргізушісі кінәлі болып шықты. Белгілісі, жедел қызметтердің көліктері міндеттерін орындап жатқан қозғалыс уақытында басымдыққа ие.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1771863-karagandyda-zedel-zrdem-kligi-zol-apatyna-syrady-foto.html