Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бақыт Беделхан жантүршігерлік апаттан аман қалған жарына өлең арнады

Опубликовано:

Танымал қазақ ақыны Бақыт Беделхан Алматыда болған жол-көлік апатында аман қалған жары Айзада Сатыбалдиеваға өлең жолдарын арнады деп хабарлайды NUR.KZ.

Ол "Алас-жыр" атты өлеңін өзінің Facebook парақшасына жариялады.

"Есігіңде сұр жылан. Босағаңда боз жылан. Керегеңде кер жылан. Маңдайшада сор-жылан. Миды шағып ысқырған, Отауыңда оқ-жылан. Кімнен медет сұрайын, Қандай амал қылайын, Мен бұған?!

Күннің құтын құяйын. Айдың сүтін сұрайын... Аймалаған ақ шыңды Таң нұры боп құлайын. Қайырылмаса,қарысып, Қара көзден жас емес, Қан шыққанша жылайын. Алтын-ұям - Ақ ордам, Бұғауыңнан босашы, Босата гөр, Құдайым!

Көзі бардың - көзіне... Тілі бардың - тіліне... Сөзі бардың - сөзіне...

Сумаңдаған пәленің Су құйылсын, ініне, Құм құйылсын, көзіне!

...Қабырғаңнан сөктірген, Иығыңнан шөктірген, Қанатыңнан қайырып, Қайғылы азап шектірген,

Жылан кетіп барады, Құйрығы бар, басы жоқ. Енді қайтіп шағады, ...Дұшпаны боп, қасы боп?!

Тұр, тұр, енді! Тұр, енді! Қолдап тұр ғой, Тәңірім. Мені саған жіберді, Жарығым!", -деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1771891-bakyt-bedelhan-zantrsigerlik-apattan-aman-kalgan-zaryna-le-arnady/

pixel