RU
"Әнмен емделді": Кенжебек Жанәбілов марқұм анасын еске алды

"Әнмен емделді": Кенжебек Жанәбілов марқұм анасын еске алды

Рассказать Вконтакте

2018 жылы жеке концертін берген Кенжебек Жанәбілов кеште 16 жасында айырылған анасына арнайы ән арнаған. Бұл туралы Астана арнасының "Ел аузында" бағдарламасы хабарлайды.

Кенжебек Жанәбіловтың "МузАрт" тобына келгеніне 2018 жылы 14 жыл толған екен. Ол өзінің шығармашылығын жеке концертімен қорытындылады.

Осы концерттің басты әні анасына арналған екен. Бүкіл бағдарлама осы ән аясында құрылған көрінеді.

Кенжебектің анасы екі жылдай төсек тартып жатыпты. Ол кісіде өнерге жақын болған. Жанын емдеу үшін марқұм анасы Кенжебекке домбырамен ән айтқызады екен.

"Балам ән айтшы", - дейтін. Әнмен емдеген өзін", - деді Кенжебек.

Естеріңізге сала кетейік, Кенжебек Жанәбіловтың әндерін біздің "Музыка Нур" қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
3
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel