RU
Парашютпен секірген кезде сурет салған бойжеткен өнерімен жұртты тәнті етті (фото, видео)
Жаңалықтар Калейдоскоп

Парашютпен секірген кезде сурет салған бойжеткен өнерімен жұртты тәнті етті (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Кәсіби парашютші Мишель Нирумандрад парашютпен секірген кезде сурет салады. Бойжеткен шығармашылық процесін видеоға түсіріп отырады. Бұл туралы changeua.com сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Мишель өзінің жұмыстарын "Аспан иелігінде" деп атайды. Бойжеткен денесіне кішігірім кенеп қыстырады. Ал еркін құлау кезінде бояуларды ашып, олардың жел күшімен суреттің кенепке салынуына мүмкіндік береді.

Суретшінің сөзінше, аспандағы жер материалды емес нәрсені материалды затқа айналдырады. Сөйтіп, ол жерде аспанның бір бөлігін алып түседі екен.

Бойжеткен шамамен 4100 метр биіктіктен секіреді. Осылайша жерге түскенше жұмыстарын аяқтап үлгереді. Осындай алғашқы суретін Нирумандрад 2013 жылы салған.

Қазір бойжеткеннің Instagram парақшасында 10 мың оқырманы бар. Ол бұл жұмыспен коммерциялық мақсатта айналыспайтынын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз
1
1
2
0
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel