Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Садриддин Ахмедов әлем чемпионы атағы үшін кіммен жұдырық түйістіретіні белгілі болды

Опубликовано:

Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов 26 қаңтар күні Монреал қаласында кезекті жекпе-жегін өткізеді. Бұл туралы Sports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Хабар 24
Фото: Хабар 24: Facebook

20 жастағы Ахмедовтың қарсыласы 22 жастағы мексикалық Абрахам Хуарес болады. Олар жастар арасындағы орта салмақтағы WBC әлем чемпионы атағы үшін бақ сынайды. Жекпе-жек 10 раундтан тұрады.

Айта кететін жайт, Садриддин 21 жасқа дейін WBC әлем чемпионы атағына үміткер болған алғашқы қазақстандық боксшы. Сонымен қатар отандасымыз әуесқой жастар арасында әлем чемпионы.

Еске сала кетейік, соңғы рет Ахмедов рингке 14-ші желтоқсан күні шыққан болатын. Ол Канаданың Эдмонтон қаласында мексикалық қарсыласы Элиуд Мелендес Рочуды 82 секундта нокаутқа жіберген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1771917-sadriddin-ahmedov-lem-cempiony-atagy-sin-kimmen-zdyryk-tjistiretini-belgili-boldy/

pixel