Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алтын глобус" киножүлдесінің иегерлері анықталды

Опубликовано:

Голливудта 76-шы рет "Алтын глобус" киножүлдесінің марапаттау салтанаты өтті. "Үздік драмалық фильм" номинациясында Брайан Сингердің "Богемдік рапсодия" фильмі үздік танылды. Ал басты рөлді сомдаған Рами Малек үздік драмалық актер болып жарияланды. Бұл туралы life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

wordyou.ru
Көрнекі фото:wordyou.ru: Facebook

Драма жанрындағы үздік актриса болып "Жар" фильмі үшін Гленн Клоуз танылды.

"Үздік комедия/мюзикл" санатында Питер Фарреллидің "Жасыл кітап" фильмі үздік атанса, ал осы жанрдағы үздік актер атағы Кристиан Бейлге берілді. Осы жанрдағы әйелдердің үздігі болып Оливия Колман ("Фаворитка") танылды.

Шет тіліндегі үздік фильм болып Альфонсо Куаронның "Рим" туындысы жарияланды. Ал режиссердің өзі екі мүсінше алып қайтты. Оған үздік режиссерлік үшін де марапат берілді.

"Өрмекші-адам: Ғаламдар арасымен" фильмі ең үздік анимациялық туынды атағына иемденді.

Ал "Американдықтар" —ең үздік драмалық телехикая аталды.

Ричард Мэдден "Оққағар" телехикаясы үшін аңсаулы мүсіншеге қол жеткізді.

"Жұлдыз туылды" фильміне түсіп, ән орындаған Леди Гага Shallow әні үшін беделді марапатқа ие болды.

aif.ru
Фото:aif.ru: Facebook

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1771919-altyn-globus-kinozldesini-iegerleri-anyktaldy/

pixel