Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев Успен кафедралды соборындағы Рождестволық шараға қатысты

Опубликовано:

Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласындағы Успен кафедралды соборындағы Рождество мерекесіне орай өткізілген шараға қатысты деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

bnews.kz
Фото:bnews.kz: UGC
«Қазақстанда тұрып жатқан барлық конфессия және этнос өкілдері Рождество мерекесін атап өтуде. Бүкіл қазақстандықтарды және осында ниет етіп келген барлық жандарды мерекемен құттықтаймын. Бұл - жақсылық пен әділдікті, жақын жандарға деген мейірім мен сүйіспеншілікті дәріптейтін мейрам. Тәуелсіздік алған күннен бастап Қазақстандағы барлық ұлт өкілдері бірлік пен татулықта өмір сүріп келеді», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.  
bnews.kz
Фото: bnews.kz: UGC

Елбасы жиналған қауымды құттықтап, Қазақстанда православие тарихы 1860 жылдан бастау алатындығын айтты.

bnews.kz
Фото:bnews.kz: UGC
«Бүгін Қазақстан бойынша 390 мінәжат ету орны және 301 бірлестік бар. Онда ұлтына, өкіліне қарамастан барлық азаматтар бейбітшілікте, достықта және бауырластықта өмір сүруде. Өздеріңіз білетіндей, өткен жылдың аяғында әлемдік дәстүрлі діндердің 6- съезі дүниежүзі халқының бейбітшілігі және тыныштығы үшін деген ұранмен өтті. Православие өкілдері елде жүргізіліп жатқан саясат пен игі істерді үнемі қолдап келеді, сіздерге шексіз алғысымды білдіремін», - деді президент.  

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1771922-nazarbaev-uspen-kafedraldy-soboryndagy-rozdestvolyk-saraga-katysty/

pixel