Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның үш өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Опубликовано:

"Қазгидромет" РММ-сі ауа райының қолайсыздықтарына байланысты еліміздің бірқатар өңірлерінде дауылды ескерту жариялады деп хабарлайды NUR.KZ.

24.kz
Көрнекі фото:24.kz: Twitter

Сегізінші және тоғызыншы қаңтарда Жамбыл облысында оңтүстік- батыстан жел күшейіп, жылдамдығы кей жерлерде 15-20 метр секундқа жетеді.

Сегізінші қаңтарда таңертең және күндіз, тоғызыншы қаңтарда түнде желдің екпіні 23-28 метр секундқа жетіп, кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Қызылорда облысының Сырдария өзенінде мұз құбылыстарының  бұзылуына байланысты өзен арнасынан тасуы мүмкін.

Сондай-ақ, Түркістан облысының таулы жерлерінде мол жауын-шашын түсіп, салдарынан өзен арнасынан тасып, кей жерлерде қызыл су жүруі ықтимал.  

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1771923-kazakstanny-s-irinde-dauyldy-eskertu-zarialandy/

pixel