Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысының полицейлері "Құрықтау" жоспарын енгізіп, автоұрыны құрықтаған

Опубликовано:

Әлеуметтік желілерде Алматы облысында полицейлер автоұрыны құрықтау сәтінің видеосы таралуда деп хабарлайды NUR.KZ.

Видеодан скриншот
Фото:Видеодан скриншот: Facebook

Құрықтау сәтін жапа шеккен жүргізуші видеоға түсіріп, Instagram-дағы taldykorganec_insta паблигінде жариялаған.

Облыстық полиция департаменті өкілдері оқиғаның бірнеше күн бұрын болғанын хабарлады.

BMW-528 көлігін Талдықорған қаласының маңындағы Қарабұлақ елді мекенінің дүкендерінің қасына қалдырған кезде көлікті ұрлап әкеткен.

Көлік жүргізушісі полицияға хабарласқан.

Тәртіп сақшылары видеокамералардың көмегімен BMW көлігін анықтаған. Қылмыскерді тұтқындау үшін "құрықтау" жоспары енгізілген.

Көлік ұрлаған ер адам бастапқыда көлікпен құтылмақ болған, сосын көлікті тастап, қар басқан алқаппен қашқан.

Операция нәтижесінде 23 жастағы Талдықорған қаласының тұрғыны тұтқындалған. Ол бұрын да ұрлық үшін жауапкершілікке тартылған екен.

Көлік ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1771924-almaty-oblysyny-policejleri-kryktau-zosparyn-engizip-avtoryny-kryktagan/

pixel