RU
Ресейде қолға үйретілген қасқыр балаға тап берді (видео)

Ресейде қолға үйретілген қасқыр балаға тап берді (видео)

Рассказать Вконтакте

Ресейдің Челябинск қаласында саябақта серуендеп жүрген балаға қасқыр тап берген. Видеодан жыртқыштың баланы аяғынан тістеп алғанын көрeге болады. Балақайдың анасы баласын құтқармақшы болып, араша түсуде. Бұл туралы life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

belta.by

Фото:belta.by

Жыртқыштың қожайыны Сергей Панасенко болған оқиғадан қорқатын ештеңе жоқ екенін жеткізген. Оның сөзінше, ол күнделікті қасқырды саябақта серуендетеді, сол кезде оның жанына мыңдаған бала жақындайды екен.

"Бұл жануармен емдеу терапиясы. Үрейлерден арылу керек. Мен психологпын. Бұрын науқас балалармен жұмыс істегенмін. Сосын қарапайым балалардың ата-аналары да көмегіме жүгіне бастады", — деді аңның қожайыны.

Панасенконың сөзінше, саябақ басшылығы одан құтылмақ болған, бірақ талпыныстары еш нәтиже бермепті.

Сіздің реакцияңыз
1
7
5
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel