RU

Қазақстанның бірінші ракеткасы Сидней турнирінде екінші айналымға өтті

Қазақстанның бірінші, ал әлемнің 44-ракеткасы Юлия Путинцева Сидней турнирінің алғашқы айналымында австралиялық Дарья Гавриловамен кездесіп, жеңіске жетті. Бұл туралы "Комсомольская правда" басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Getty Images
Фото:Getty Images: Getty Images

Австралия намысын қорғап жүрген Д.Гаврилова дүниежүзілік рейтингте он саты жоғары тұрғанына қарамастан, бірінші партияда қазақстандық теннисші айқын басымдылық көрсетті. Бәсеке 1 сағат 42 минутқа созылды.

Ю.Путинцева екінші айналымда әлемнің 5-ракеткасы, америкалық Слоан Стивенс немесе ресейлік, рейтингте 72-орында тұрған Екатерина Александрованың біреуімен ойнайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1771934-kazakstanny-birinsi-raketkasy-sidnej-turnirinde-ekinsi-ajnalymga-tti.html