RU
2019 жылы қазақстандықтар құжат рәсімдеу үшін қанша ақша төлейді?
Жаңалықтар Қоғам

2019 жылы қазақстандықтар құжат рәсімдеу үшін қанша ақша төлейді?

Рассказать Вконтакте

Қазақстанда жыл басынан бері айлық есептік көрсеткіш өсуіне байланысты құжаттарды рәсімдеу үшін төленетін мемлекеттік баж сомасының құны да көтерілген деп жазады Sputnik Қазақстан.

safety-driving.kz

Көрнекі фото:safety-driving.kz

2019 жылы АЕК өткен жылмен салыстырғанда 120 теңгеге өсіп, 2 525 теңгені құраған.  

Жеке куәлік үшін мемлекеттік баж сомасы 505 теңге (1,34$) тең. 

Төлқұжат рәсімдеу үшін 20 200 теңге (53,72$) мөлшерінде мемлекеттік баж төлеуіңізге тура келеді.

Ал Астана, Алматы, Ақтөбе мен Шымкент тұрғындары қосымша ақы төлеп, төлқұжатты жеделдетілтен тәртіпте ала алады. 

Туу  туралы куәлік пен неке қию туралы куәлікті қайта алу үшін 2 525 теңгеден (6,71 доллар) төлеу керек. 

Ал жүргізуші куәлігі мен көлікті тіркеу туралы куәліктің әрқайсысы 3157 теңге (8,40 доллар) тұратын болады. 

2019-шы жылы ең төменгі жалақы 42 500 теңгені (113$), ал базалық зейнетақы төлемі 16 037 теңгені (42,65$) құрайды деп мәлімдеді "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясы. 

Зейнетақының ең төменгі мөлшері — 36 108 теңге (96$), ал базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі – 29 698 теңге (78,98$).

Өткен жылы қараша айында Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың бірінші қаңтарынан зейнетақы, әлеуметтік жәрдемақылар мен ең төменгі жалақыны көбейтуді тапсырған еді.

Сіздің реакцияңыз
17
1
2
1
1
2
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel