Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сегізінші қаңтарға арналған жұлдыз жорамал

Опубликовано:

Бүгін жаман әдеттерден арылу үшін өте қолайлы күн. Басқадан мін іздемей, өз кемшіліктеріңізді түзетумен айналысқан дұрыс. obozrevatel сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ сегізінші қаңтарға арналған жұлдыз жорамалды назарларыңызға ұсынады.

Info-Vsem.Ru
Көрнекі фото: Info-Vsem.Ru: UGC

1. Тоқты

Бүгін басқаларға мейірімділік танытып, жанжалдардан бойыңызды аулақ ұстағаныңыз дұрыс. Тым белсенді болмасаңыз, күн сәтті өтеді. Дегенмен өзіңізге сабақ болатын жағдайға тап боласыз.

2. Торпақ

Бүгін тыным таппай еңбектеніп, қызықты мәселелерде ерекше дарыныңызды көрсетесіз. Алайда үйге келген кезде махаббатқа бөленіп, жайбырақат демалғыңыз келеді. Сондықтан кешті сүйіктіңізбен өткізгеніңіз дұрыс болады.

3. Егіздер

Адамдармен тіл табысу жағынан белсенділік танытасыз. Жаңа адамдармен танысу үшін бәрін құрбан етуге әзір боласыз. Бүгін ұзақ бір бөлмеде қалуға болмайды. Бірнеше жерге кездесу жоспарласаңыз дұрыс болады.

4. Шаян

Бүгін қуатыңыз бен ақыл-ойыңыздың ұшқырлығына көп адам қызғана қарайды. Сондықтан көптеген тапсырманы бірден орындап тастайсыз. Дегенмен қызғаншақ жандар сіздің жоспарларыңызды бұзуға тырысады, сондықтан уақытты бос сөзбен өткізбей, міндеттеріңізді атқарған дұрыс.

5. Арыстан

Бүгін өзіңізге және басқаларға түсіністікпен қарау керек. Кейін өкінетін істерден абай болғаныңыз жөн. Дегенмен, бұл қол қусырып отыру керек деген сөз емес. Қандай да бір істі мінсіз аяқтаймын деп ойламасаңыз, ол істі мүлде бастамаған абзал.

6. Бикеш

Бүгін міндет пен қалауыңыз арасында қаласыз. Дегенмен зеріктіретін істер мен жаныңыз қалаған істерді қоса істеуге болмайды деп кім айтты? Бірақ бәрін алдын ала жоспарлап алған жөн.

7. Таразы

Бүгін өз құқығыңызды қорғау керек, әсіресе біреу сізді күштеп өз жағына тартпақ болса. Дауыс көтеріп, балағат сөздер айтудың қажеті жоқ, бірақ өзіңізді ренжітуге де жол бермеңіз. Абайлап сөйлеңіз, бірақ нақты-нақты пікіріңізді жеткізіңіз. Егер қарсы тарап сізді тыңдамаса, шығып кетіп, оның сабасына түскенін күтіңіз.

8. Сарышаян

Бүгін әуестігіңіз оянады. Бұл бір жағынан бірегей идеяларыңызды жүзеге асыруға көмектеседі. Алайда егер мәселе біреудің өміріне қатысты болса, дереу артқа шегінгеніңіз дұрыс болады. Біреудің ісіне араласпай, одан да қызықты кітап оқыңыз.

9. Мерген

Бүгін адамдармен көбірек араласқаныңыз дұрыс. Қолында билік пен ақша бар адамдар жиналатын жерге барғаныңыз дұрыс болады. Бәлкім, қымбат мейрамханаға барып шығынға батасыз, дегенмен осылайша пайдалы таныстық орната аласыз.

10. Тауешкі

Бүгін басқалар түк көрмеген жерден табыс пен мүмкіндіктер көре білгеніңіздің арқасында көп жетістіктерге қол жеткізесіз. Идеяларыңызды басқаларға айтудың қажеті жоқ, біреулер оларды жоққа шығарса, енді біреулері ұрлап алады. Одан да қағазға жазып, сақтап қойыңыз.

11. Суқұйғыш

Бүгін селқостық танытып, көптеген қате жібересіз. Бірден өзіңізді жазғырудың қажеті жоқ, кейде сондай күндер болып тұрады деп ойлаңыз. Жұмысқа қайта кірісіп, ақырындап шаруаларыңызды аяқтаңыз.

12. Балықтар

Бүгін белсенділік танытпай, уақытыңызды ақпарат жинауға бөліңіз. Ол үшін сынақтан өтіп, мастер-класс көріп немесе танымдық бағдарлама көрген жеткілікті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1771941-segizinsi-katarga-arnalgan-zldyz-zoramal/

pixel