RU
Қаланың қақ ортасында бұғы мен ит жеккен астаналықтар көптің ашуына тиді
Жаңалықтар Қоғам

Қаланың қақ ортасында бұғы мен ит жеккен астаналықтар көптің ашуына тиді

Рассказать Вконтакте

Елорданың қақ ортасында ит пен бұғыны жеккен астаналықтар жұрттан оңбай сөз естіді. Желі қолданушылары әсіресе ақша табамын деп, жануарларды "құл" қылған қожайындарын сөгіп тастады деп хабарлайды NUR.KZ.

Скриншот видеодан алынды

Скриншот видеодан алынды

Тау бұғысы мен хаски иттерін жеккен тұрғындардың видеосы Instagram желісіндегі парақшалардың бірінде пайда болды.

Онда қала тұрғындарының жануарларды ат сияқты жегіп, шана теуіп келе жатқан сәтін анық көруге болады.

Сондай-ақ, бұл жағдай қаланың оң жағалауында орналасқан Есіл өзенінің бойындағы мұз қалашығында орын алғаны байқалады.

Нәпақа табамын деп дала жануарларын "құл қылған" жандардың әрекеті желі қолданушыларына ұнамады.

Олар "Жануарларға обал екен", "Бурабай емес, қаланың қақ ортасында қалай ит жегіп жүр?", "Ақша не істетпейді", - деген пікірлерін жаудырып жатыр.
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel