RU
"Әнші қыздардың бірі алды": Мақпал Жүнісованың қымбат әшекейі ұрланып кетті
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Әнші қыздардың бірі алды": Мақпал Жүнісованың қымбат әшекейі ұрланып кетті

Рассказать Вконтакте

"Қазақтың ерке қызы" атанған танымал әнші Мақпал Жүнісова кезекті концерттердің бірінде бриллиант сырғасы мен сақинасынан айырылып қалғанын жазды деп хабарлайды NUR.KZ.

Халық әртісі өзінің Instagram-дағы ресми парақшасында «Ән мен әнші» концертінде қымбат әшекейлерін ұрлатып алғанын хабарлады.

"Жалпы, ұрлық түбі қорлық екенін ұмытпаған абзал", - деген әнші бағалы бұйымдарын әнші қыздар немесе соларды бояндырып жүргендердің бірі ұрлап кетуі мүмкін деп болжап отыр.

"Өйткені, киінетін жерге бәрі кіріп алып еді, одан кейін Қарақаттың үйіне дәмге шақырды, ол жерде мен кішірек сырғамен болдым, өте ыңғайсыз екен, бұдан кедей боп қалмаспын, дегенмен өте сақ болатын болдық", - деп жазады Мақпал Жүнісова.

Желі қолданушылары болса мұны тек жақсылыққа жору керектігін айтты.

"Бар жамандық сонымен кетсін, алтын басыңыз аман болсын", "Алтын жоғалған жақсы дейді, басыға төнген қиындықты алып кетеді", "Алтын көрсе періште жолдан таяр деген, сіздей болғысы келіп ырымдап алды ма екен", "Шығын шықпай, кіріс кірмейді дегендей, осы шығыннан кейін сізге он еселеп келсін табысыңыз", - деп жазды әншінің желідегі оқырмандары.

Абырой болғанда, әнші Астанадағы концертке тек сырғасы мен сақинасын тағыпты, ал алқасын үйіне қалдырып кеткен екен.

Ал концерт аяқталған соң бағалы бұйымдарын футлярға салып қойыпты.

«Ұрыны іздеуге уақытым жоқ, бір Аллаға тапсырдым» , - деп аяқтады сөзін Мақпал Жүнісова.

Сіздің реакцияңыз
12
4
1
1
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel