Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Армения тарапы Қарағандыдағы төбелеске қатысты түсініктеме берді

Опубликовано:

Арменияның Сыртқы істер министрлігі Қарағандыдағы төбелеске қатысты түсініктеме берді. СІМ орынбасары Шаварш Кочарянның мәлімдемесі ведомствоның ресми сайтында жарияланған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: sng.fm
Фото: sng.fm: Facebook

Қарағандыдағы жағдайды бастапқыдан қадағалап келген Армения тарапы 3 қаңтар күні Қазақстандағы Армения елшілігі тиісті мәлімдеме жасағанынан хабардар.

"Ол мәлімдеме мереке күндері таралғандықтан барлығы дерлік көрмеуі мүмкін екенін түсінеміз. Бірақ, бұл біздің жұмысымыздың тек қоғамдық бейнесін ғана көрсетеді", - дейді Шаварш Кочарян.

Елшілік таратқан мәлімдемеде осы тақырыпқа байланысты тек ресми дереккөздерге ғана сүйену қажет екені, тұрмыстық жағдайда орын алған текетіреске ұлтаралық сипат беріп, қоғам пікірін басқа жаққа бұратын және анықталмаған ақпараттың әлеуметтік желіде таратылмайтыны айтылған.

"Қазіргі уақытта бұл сұрақ өзекті болып қала бермек. Дегенмен, біздің елімізде елшілік мәлімдемесінде көрсетілген Арменияның ресми ұстанымын білдірмейтін, Қарағандыда тұратын отандастарымызға қатысты сұрақтың аса сезімтал сипатын ескермейтін жекелей мәлімдемелер тарап жатыр", - дейді Кочарян.

Оның сөздерінше, Армениялық СІМ мен Қазақстандағы Арменияның елшілігі Қазақстан билігімен, жауапты құрылымдармен шешім қабылдауға уәкілетті тұлғалар деңгейінде тұрақты байланыста. Армения мен Қазақстан ведомстволары арасындағы бұл тікелей қарым-қатынас әлі де жалғасуда.

Бұл мәселеге қатысты екі тарап та ортақ ұстанымға сүйенеді: бұл - тұрмыстық негіздегі қылмыстық оқиға және оған ұлтаралық рең беру әрекеттерін қатаң түрде болдырмау керек.

Шаварш Кочарян қазақстандық тараптың жағдайға бақылау жасайтынын және осындай көріністерді болдырмау үшін тиісті шаралар қолданатынын алға тартты.

Сондай-ақ, елшілік құрылым басшыларымен тәулік бойы байланыс жасап жатыр.

"Қалыптасқан жағдайға байланысты алаңдаушылықты түсіне отырып, біз кеңесшілер мен мамандарды осы күрделі мәселе бойынша өз өтініштеріңізде барынша жауапты позиция көрсетуге және популизм мен арандатушылыққа жол бермеуге шақырамыз. Шиеленіскен жағдайға ұлтаралық рең берудің кез келген әрекеті ақылға қонымсыз болып табылады", - деп қорытты сөзін министрдің орынбасары.

Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Қарағандыда банкеттен шыққан жігіттер төбелесіп, бір азамат көз жұмған.

Артынша бұл оқиғаға қатысты үш күдікті қамауға алынып, прокуратура ресми мәлімдеме жасаған еді.

Артынша күдіктіге республикалық іздеу жарияланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1771963-armenia-tarapy-karagandydagy-tbeleske-katysty-tsinikteme-berdi/

pixel