Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәскеуде жүрек дәрісін жұтып қойған екі жасар бала қайтыс болды

Опубликовано:

Мәскеу қаласының полицейлері екі жасар баланың өліміне қатысты іс қозғады. Жаңа жыл мерекесінде атасы мен әжесіне барған екі жасар бала жүрекке арналған дәріні жеп қойып, қайтыс болған. Бұл туралы РИА Новостиге сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

kp.kz
Көрнекі фото: kp.kz: Facebook

Оқиға төртінші қаңтар күні болған. Бала қораптан белгісіз дәріні алып, аузына салыпты. Болжам бойынша, ол жүрек ырғақсыздығын емдейтін дәрі болған.

Осыдан кейін бүлдіршіннің жағдайы күрт нашарлап, ауруханаға жеткізіледі.

Медициналық көмек көрсетілгеніне қарамастан, ұл бала алтыншы қаңтар күні қайтыс болған.

"Қазіргі таңда кешенді тексеру жұмыстары жүргізілуде. Тексеріс нәтижесі бойынша іске қатысты шешім шығарылады", - деді Мәскеу қаласы бойынша бас тергеу басқармасының басшысының аға көмекшісі Юлия Иванова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1771971-mskeude-zrek-drisin-ztyp-kojgan-eki-zasar-bala-kajtys-boldy/

pixel