RU
Қазақстандық қылмыскер 20 жылдан бері әлем бойынша іздестірілуде (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстандық қылмыскер 20 жылдан бері әлем бойынша іздестірілуде (фото)

Рассказать Вконтакте

Солтүстік Қазақстан облысынан шыққан қылмыскер Николай Павлюк 1999 жылдан бастап халықаралық іздеуде жүр деп хабарлайды Петропавловск.news сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Коллаж NUR.KZ

Фото: Коллаж NUR.KZ

Анықталғандай, азамат Солтүстік Қазақстандағы Бішкүл (қазір Бескөл) ауылының тумасы екен. Ол 90-шы жылдары Краснодар өңіріне кетіп қалған.

1995 жылы Павлюк Ресейде топтық қарақшылық жасап, жеті жылға бас бостандығынан айырылады.

Фото: Петропавловск.news

Фото: Петропавловск.news

Алайда Павлюк төрт жылдан кейін түрмедегі жолдасымен бірге қашып кеткен.

Көп уақыт өтпей-ақ оның жолдасы ұсталғанымен, Николай әлі күнге дейін табылмапты.

Қашқынды іздеуге халықаралық полиция да атсалысқан, алайда әзірге нәтиже жоқ.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
1
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel