RU
Британиялық миллионер үш ұлының әкесі басқа біреу екенін 20 жылдан соң білген

Британиялық миллионер үш ұлының әкесі басқа біреу екенін 20 жылдан соң білген

Рассказать Вконтакте

MoneySupermarket компаниясының қожайыны, британдық миллионер Ричард Мейсон 21 жыл бойы біреудің үш баласын өз баласы деп ойлап келген. Бүл туралы РИА Новостиге сілтеме жасаған NUR.KZ.

360tv.ru

Фото: 360tv.ru

Кәсіпкердің бірінші некесінен үш ұлы қалыпты, алайда жаңа әйелі бала көтеруде қиындықтаға тап болған.

Мейсон медициналық тексеруден өткенде дәрігерлер миллионердің туғаннан бедеу екенін анықтапты.

Мұны білген Мейсон бірінші әйелін сотқа беріп, 250 мың фунт стерлинг өтемақы талап еткен (105 миллион теңгеден аса).

Кәсіпкердің бұрынғы әйелі болса балаларының биологиялық әкесі кім екенін айтудан үзілді-кесілді бас тартып отыр.

Сот ісінің қаралуына байланысты екі ұлы миллионермен араласудан бас тартқан, ал үшіншісі оған алғыс хат жазып, анықталған шындық олардың қарым-қатынастарына әсер етпейтінін мәлімдеген.

"Мен әрдайым сенімен бірге боламын. Сен мәңгілікке әкем болып қаласың", — деп жазған кенже баласы.

Сіздің реакцияңыз
0
1
5
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel