Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде баспанасыз қалған жанұяға 100 мың теңге берілетін болды (видео)

Опубликовано:

Ақтөбе қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жаңа жыл түнінде үйсіз қалған отбасына көмектесуге уәде берді. Жанұяға бір рет 100 мың теңге көлеміндегі материалдық көмек беріледі деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ/ Саламаттың жеке мұрағатынан
Фото: NUR.KZ/ Саламаттың жеке мұрағатынан: Facebook

Үш ай бұрын несиеге алған үйі жанып кеткен жанұя бүгінде үй-күйсіз отыр.

Ал Ақтөбе қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы Мақпал Тұрмағамбетованың сөзінше, Жетігеновтер отбасынан қажетті құжаттар алынған соң оларға материалдық көмек беріледі.

"Олардың өртке қатысты ешқандай құжаты болмағандықтан, біз анықтаманың қандай мекемеде берілетінін айттық. Комиссия шешімі шығарылған соң біз бұл жанұяға бір реттік 100 мың теңге береміз", -деді ол.

Айта кетейік, 31 желтоқсан күні Жетігеновтердің жанұясы несиеге алған үйінен айырылып қалған еді. Олардың баспанасы дәл мереке күні өртеніп кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1771979-aktbede-baspanasyz-kalgan-zanaga-100-my-tege-beriletin-boldy-video/

pixel