Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бала түсіме кіреді": Алматы тұрғыны 20 жыл бұрын пойызда танысқан қызды іздеуде

Опубликовано:

20 жыл бұрын жолсерік болып істеген Ержан есімді азамат пойызда танысқан Батыс Қазақстандық қызды іздеп жүр. Бұл туралы "Мой город" сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Ержан/mgorod.kz
Фото: Ержан/mgorod.kz: UGC

Ағасы Абзал Әбіловтың сөзінше, қазір Ержан 44 жаста. Ол 1995 жылы Алматы-Мәскеу пойызында жолсерік болып істеген. Бойжеткенмен сол кезде танысқан.

Білуінше, оның есімі - Гуля. Ол арық, қараторы, орта бойлы болыпты. Батыс Қазақстанда тұрған.

Екеуі танысқан соң кездесе бастапты. Біраз уақыт өткен соң Гуля аяғы ауыр екенін хабарлаған.

"Ержан жас болды. Қызға көп артық сөз айтқан. Сол сөздері үшін қазір қатты өкінеді. Соңғы рет кездескен кезде бойжеткен баланы алғызбайтынын, қайткен күнде босанатынын айтыпты", - дейді Абзал.

Содан кейін Ержанды Алматы-Атырау бағытында жұмыс істеуге ауыстырыпты. Ол кезде қазіргі кездегідей байланыс құралдары болмағандықтан, олардың қарым-қатынасы үзілген.

Абзалдың сөзінше, Ержан түс көре бастапты. Онда кішкене бала жылап, әкесін шақырады екен.

Өкінішке қарай, Гуляға қатысты ешқандай ақпарат жоқ. Ол Ақсайда немесе Орал қаласында тұрады деген болжам ғана бар.

Ер адам бұрынғы ісіне өкініп, баласы мен әйел адамды тауып, оларға қамқор болғысы келеді екен.

Ержан бүгінде Алматы тұрғыны. Некеде, балалары бар. Оның жұбайы бұл жағдайдан хабардар және күйеуін қолдайды екен.

Абзалдың сөзінше, одан бері көп уақыт өтсе де, олар ғажайыпқа сеніп отыр. Байланыс үшін телефондар: 8 778 555 57 86, 8 771 444 22 22.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1771981-bala-tsime-kiredi-almaty-trgyny-20-zyl-bryn-pojyzda-tanyskan-kyzdy-izdeude/

pixel