Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақбота Сейітмағамбет Айдарқұловқа қыз сыйлады (фото, видео)

Опубликовано:

Атышулы "КешYou" тобының бұрынғы әншісі, бүгінде актриса Ақбота Сейітмағамбет жары Дәурен Айдарқұловқа екінші рет сәби сыйлады. Отандық актер өзінің сүйінші жаңалығын Instagram парақшасында бөлісті деп жазады NUR.KZ.

Ал желі қолданушылары бесінші рет әке атанған Айдарқұловты жарыса құттықтауда.

"Бауы берік болсын", "Құтты болсын", "Қызыңыз бауырларына серік болсын", "Құттықтаймын", "Есімін кім деп қойдыңыздар?", "Көпбалалы ата-ана атаныңыздар", - деп желідегілер өздерінің тілектерін жаудырды.

Айта кетейік, Ақбота мен Дәурен жаңа туғанқыз балаға Аиша деген есім берген.

Естеріңізге сала кетейік, көпшілікті шулатқан Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейітмағамбет өткен жылы заңды некелерін қидырған болатын.

Сондай-ақ, актер мен Ақботаның ортақ бір ұлдары бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1771983-akbota-sejitmagambet-ajdarklovka-kyz-syjlady-foto-video/

pixel