Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбек гастарбайтері Ресейдегі газ жарылысынан 8 адамды құтқарып қалды

Опубликовано:

Өзбекстанның 23 жастағы азаматы Аламафруз Абдуллаев Магнитогорск қаласында жарылыстан кейін үйінді астында қалған сегіз адамды құтқарған. Болған оқиға туралы ол "Комсомолькая правда" басылымына сұқбат берген деп хабарлайды NUR.KZ.

svoboda.org/msk.kp.ru
Коллаж:svoboda.org/msk.kp.ru: Facebook

Жігіттің сөзінше, ол 31-ші желтоқсан күні таңғы алтыда намазға оянған. Кенет жарылыс дауысын естіген.

Аламафруз далаға жүгіріп шығып, үйдің опырылып кеткенін көрген. Үйіндінің жоғарғы жағынан әйел адам мен баланы көрген. Жігіт екеуіне жерге түсуге көмектескен.

Осымен тоқтамай, жігіт құтқарушылармен бірге оқиға орнын тексерген.

Бір пәтерден жалын шығып жатқан, ішінде егде жастағы әйел адам болыпты. Құтқарушылар жігітке өрт сөндіру құралын беріп, соның көмегімен ол өртті сөндіріп, әжені далаға шығарған.

uz.sputniknews.ru
Фото:uz.sputniknews.ru: UGC

Жігіттің көмегімен құтқарушылар сегіз адамды алып шыққан.

Sputnik Өзбекстан Аламафруздың қалай тұратынын анықтаған. Біріншіден, ол өзін қаһарман, әрі жұлдыз санамайды екен. Ол әрдайым көмекке келуге әзір.

Жігіт Өзбекстанның Сурхандария облысында туылған. Ресейге көшіп кеткеніне сегіз жыл болыпты. Әзірге Ресей азаматтығын алмапты, бірақ алғысы келеді екен.

Ресейде оның достары мен туыстары көп, алайда ол Отанын ұмытпайды және жақсы көреді.

Фото:uz.sputniknews.ru
Фото:uz.sputniknews.ru: UGC

Бозбала кудо күрескері.

Еске сала кетейік, Магнитогнорск қаласындағы тұрғын үйдегі қайғылы оқиға 31-ші желтоқсан күні болды. Ресми нұсқа бойынша газ жарылған. Соның салдарынан үй опырылып қалды. 39 адам қаза болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1771993-zbek-gastarbajteri-resejdegi-gaz-zarylysynan-8-adamdy-ktkaryp-kaldy/

pixel