Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

20 метр биіктіктен құлаған Toyota көлігіндегі үш жасар сәби аман қалды

Опубликовано:

Қырғызстанның Ош облысында Toyota көлігі 20 метрден құлап, 2 адам қайтыс болды. Көліктің ішінде болған 3 жастағы сәби ауыр халде жатыр деп хабарлайды Turmush сайтына слтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: syzran-small.ru
Көрнекі фото: syzran-small.ru: Facebook

Оқиға 6 қаңтар күні 10:30-да Ош облысының Қара-Құлжа ауданындағы Қара-Құлжа - Қара-Жығач тас жолы арасында орын алған.

"Toyota RAV 4" көлігінің 1959 жылғы жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалыпты.

Нәтижесінде көлік 20 метрлік биіктіктен Кара-Жығач өзеніне құлап, бірнеше рет аударылған.

Апат салдарынан көлік жүргізушісі мен 1975 жылғы жолаушы оқиға орнында қаза тапты.

Ал 2016 жылғы сәбиді Қара-Құлжа ауданындағы ауруханаға жеткізген. Кішкентай жолаушының жағдайы өте ауыр.

Қара-Құлжа ауданының полиция департаменті жол көлік апатының себебін білу үшін сараптама тағайындады. Тергеу жүріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1771996-20-metr-biiktikten-klagan-toyota-kligindegi-s-zasar-sbi-aman-kaldy/

pixel