RU
GGG промоутері Головкинмен жұмыс істемейтіні жайлы қауесетке нүкте қойды

GGG промоутері Головкинмен жұмыс істемейтіні жайлы қауесетке нүкте қойды

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер алғаш рет GGG-мен жұмысын тоқтатуына не себеп болғанын айтты деп хабарлайды Sports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Промоутер желіде Головкиннің Леффлерден кеткені туралы ақпаратты таратқан бірнеше америкалық журналистерге жауап берді.

"GGG мұны сары басылымдар жазғанын, оларға менің немесе Головкиннің тікелей мәлімдемесі болмаса, ештеңе айтудың қажеті жоқ екенін айтты. Бұл жауапкершіліктің жоқтығы", - деді промоутер ESPN журналисі Дэн Рафаэлге.

Леффлердің сөзінше, бұл шолушының жазбалары мақала жазуға пайдаланылады.

Сондай-ақ, Головкиннің промоутері GGG жанұясындағы жаңалықтар туралы жазған The Ring журналисі Майк Копинджерге жауап берді.

"Майк, Головкиннің мансабынан сауда жасамай, жаңалық күт. Өтінемін, GGG-дің жеке өмірі туралы әлеуметтік желіде жазба", - деді ол.

Ол спортшыға құрметпен қарау қажеттігін, ресми мәлімдемені күту керектігін атап өтті.

Одан бөлек, қазақстандық боксшының промоутері РВС арнасының журналисі Марк Ортегті жалған ақпарат таратты деп айыптады.

Спорт шолушысы Головкиннің кетуі туралы айтып, бұл жағдайды белгілі боксшы Андре Уордтың тағдырымен салыстырған.

Леффлердің сөзінше, жарияламас бұрын кез келген ақпаратты анықтап алу қажеттігін, тілші өзіне жеке хабарласуына болатынын мәлім етті.

Айта кетейік, осыған дейін шетелдік БАҚ-та Головкиннің промоутерімен жұмысын тоқтатқаны және боксшының тағы да әке атанатыны туралы хабар тарап кеткен еді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel