RU
Денис Тен өлімі: Қорғаушы күдіктіні босатып жіберген полицияны жазалауды талап етті

Денис Тен өлімі: Қорғаушы күдіктіні босатып жіберген полицияны жазалауды талап етті

Рассказать Вконтакте

Нұрлан Өстеміров бүгінгі сот отырысында күдікті Арман Құдайбергеновті босатып жіберген астаналық полицейлерді жауапкершілікке тартуға шағым түсірді. Ол тәртіп сақшыларын жұмысына салғырттық танытқаны үшін кінәлауда деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі сот залынан.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Жәбірленуші жақ қорғаушысының айтуынша, Астанадағы Алматы аудандық полиция басқармасының тергеушісі Фарида Разбекова мен оның басшысы Алмас Шерьяздановты жауапкершілікке тарту керек.

Нұрлан Өстеміров тәртіп сақшылары Арман Құдайбергеновті негізссіз босатып жібергенін айтты.

"11 шілде күні ол Астанада көлік айнасын ұрлап жатқан жерінен ұсталып, елордадағы Алматы аудандық полиция басқармасына жеткізіледі. Алайда бірнеше сағаттан соң Фарида Разбекова оны босатып жіберген. Бұл іске қатысты бірінші сот отырысында полицияның бұрынғы қызметкері өз шешімін Құдайбергенов орташа деңгейлі қылмыс үшін кінәланғанын алға тартып, оның Астанадағы тұрақты үйі бар болғанымен түсіндірді" , - деді Өстеміров.

Қорғаушы күдікті Құдайбергенов сол сәтте заңсыз босап шықпағанда Денис Теннің өлімі орын алмайтынын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel