RU
"Шалбары үтіктелмеген": Порошенконың құттықтауы желіде күлкіге айналды
Жаңалықтар Әлемде

"Шалбары үтіктелмеген": Порошенконың құттықтауы желіде күлкіге айналды

Рассказать Вконтакте

Украина президенті Петр Порошенконың отбасылық суретінен соң көптеген әзіл-қалжыңдар желіде тарап кетті. Олардың арасында украин басшысының шалбарын үтіктелмеген күйінде кигені туралы әзілдегендер де болды деп хабарлайды РИА Новости сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Петр Порошенко Twitter-дегі ресми парақшасына әйелі және балаларымен түскен суретін жүктеді.

Онда украин президенті ұлттық нақышта киініп алып, халқын Рождество мерекесімен құттықтаған.

Кейінірек жүктелген видеодан президент жанұясының пианинода ойнап, ән шырқағанын көруге болады.

Жазбаны көрген желі оқырмандары Порошенконы айыптай бастаған. Олардың көпшілігі елдің қазіргі жағдайына көңілдері толмайтынын жеткізді.

Арасында "шалбарды үтіктеп алуға болатын еді" деп әзілдегендер де болды.

"Бұл жерде тіпті шалбары үтіктелмеген", - деді желі қолданушылардың бірі.

Кейбір оқырмандар президенттің балалары Лондонда оқып жатқанын, ұлттық киімдерді әдейі кигенін жазып қалдырған.

Сіздің реакцияңыз
2
2
0
0
1
0
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel